TOP песен исполнителя
"Халық әні"
"Халық әні"
название:
автор:
Сәулем-ай
автор:
Халық әні
рейтинг: ★★★★★ / 4.9 / 904 просмотра
- Текст
- Открытка с текстом
Аяғыма кигенім былғары етік, сәулем-ай, Табанымнан барады ызғар өтіп, сәулем-ай. Жақсы болсаң, келерсің судан өтіп, сәулем-ай, Жаман болсаң, қаларсың суға кетіп, сәулем-ай. А-хоу, Сәулем, сәулем, сәулемсің, Басымдағы дәуренсің. Жақсы болсаң – сәулемсің, Жаман болсаң – әуремсің. Ағынан да алманың көгі жақсы, сәулем-ай, Барынан да жаманның жоғы жақсы, сәулем-ай. Бір сөз айтсаң жаманға, теріс қарар, сәулем-ай, Қорғасындай балқыған қайран жақсым, сәулем-ай. А-хоу, Сәулем, сәулем, сәулемсің, Басымдағы дәуренсің. Жақсы болсаң – сәулемсің, Жаман болсаң – әуремсің. Сен де сері сәулем-ай, мен де сері, сәулем-ай, Шын сүймесең, көңілімді бермес едім, сәулем-ай. Томағасын алдырған лашындаймын, сәулем-ай, Сен болмасаң, бұл жерге келмес едім, сәулем-ай. А-хоу, Сәулем, сәулем, сәулемсің, Басымдағы дәуренсің. Жақсы болсаң – сәулемсің, Жаман болсаң – әуремсің. Халық әні «Сәулем-ай» – халық арасына кең тараған әсем әндердің бірі. Музыкалық туынды сезімді қозғайтын сыршылдығымен, ойлылығымен әрі ойнақылығымен ерекшеленеді. Мән-мағынасы терең, әуезді ән үлкен сахналарда, халық арасында үзбей шырқалып келеді.
Это интересно:
Кобыз имеет ковшеобразный корпус, короткую, дугообразно изогнутую шейку, большую плоскую головку и состоит из выдолбленного, обтянутого пузырём полушара с прикреплённой к нему наверху ручкой и с выпуском внизу для утверждения подставки. Две струны, навязываемые на кобыз, свиваются из конских волос. Общая длина инструмента 600-730 мм.Играют на кобызе, сжимая его в коленях... подробнее
А как ты думаешь, о чем песня "Сәулем-ай" ?