название:
автор:
Манги бир болайык♡♥
автор:
Арман & Аша Матай
рейтинг: ★★★★★ / 5.6 / 1600 просмотров
- Текст
- Открытка с текстом
1)Қос аққудай жарасқан,
Жазылмасын жұбымыз.
Армандарға жол ашқан,
Жарқырап күніміз.
Биіктерге самғайық,
Ақ айдынға қонайық.
Жұлдыз болып жанайық,
Мәңгі бір болайық.
Қ-сы:
Махаббатым жыр әнім,
Сен нұрлы шуағым.
Біз алау сезімнің,
Сөндірмейік шырағын.
Махаббатым тұмарым,
Жан сырымды ұғамын.
Сен мөлдір бұлағым,
Алтыным-ау сенсің жүрек сыңарым.
2) Өзіңді алғаш көргеннен,
Жүрек тулап кеудемнен.
Қарай бердің сол сәтте,
Маған ғашық көздермен.
Бұл өмірге ғажайып,
Ғашық жырын жазайық.
Шырқап әнге салайық,
Мәңгі бір болайық.
Қ-сы:
Махаббатым жыр әнім,
Сен нұрлы шуағым.
Біз алау сезімнің,
Сөндірмейік шырағын.
Махаббатым тұмарым,
Жан сырымды ұғамын.
Сен мөлдір бұлағым,
Алтыным-ау сенсің жүрек сыңарым.
Улжан Акимхан
А как ты думаешь, о чем песня "Манги бир болайык♡♥" ?