ГлавнаяИсполнителиСакен МайгазиевМен саган гашык едим
название:

Мен саган гашык едим


автор:

Сакен Майгазиев


рейтинг: ★★★★★ / 5.6 / 1628 просмотров
Қалайша жүрегіме бойламадың
Өзіңмен бірге талай тойға бардым
Мен саған ғашық едім амалым не
Сен мені бақыттым деп ойламадың

Сезбедің ұға алмадың сырларымды
Өзіңе арнап жазған жырларымды
Сезбедің ұзақ түндер сені ойлаумен
Сыртында терезеңнін тұрғанымды

Қайтейін сен ажарсыз еттің мені
Сол жазда жиделер де көп гүлдеді
Сол жазда көрші ауылдың баласына
Мәңгіге айырбастап кеттің мені

Өзгертті жылдар солай шешіміңді
Сүйген жан әрқашанда кешірімді
Мен қайтіп ұмытайын жүрегіме
Өпестей жазып кеттің есіміңді

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Мен саган гашык едим" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен