ГлавнаяИсполнителиНеизвестенЖасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем
название:

Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем


автор:

Неизвестен


рейтинг: ★★★★★ / 5.5 / 1513 просмотров
Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем
Айдарымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем

Қайда жүрсең ата мекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі ұясына
Қыймай оны батады екен

Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем
Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем
Асқар тауың, аспаныммен таласқан
Қазағымның мәртебесі деп білем

Қайда жүрсең ата мекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі ұясына
Қыймай оны батады екен

Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем
Күннің нұрын, айдың әппақ сәулесін
Қазағымның махаббаты деп білем

Қайда жүрсең ата мекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі ұясына
Қыймай оны батады екен

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен