ГлавнаяИсполнителиЖанЖан сырым
название:

Жан сырым


автор:

Жан


рейтинг: ★★★★★ / 5.2 / 1173 просмотра
Жарқыраған үнемi үмiт оты 
Күнiмдi жалғайсын 
Сән-көркiңдi көргенде елжiретiп 
Баурап менi алғайсын 
Қадiрлі нұр ойнаған дидарыңнан 
Ерiксiз таң қалдырған 
Сабыр салған мiнезiңнен 
Шыдап шексiз сезiмнен 

Аяулым, айқын бейне таңым-ай 
Ақ маңдай арманым айдындай 
Аяулым, айқын бейне таңым-ай 
Ақ маңдай арманым айдындай 

Көздерiңнен дүние сырлар ұғамын 
Өзiңмен жүрегiм 
Күн бейнеңді көкрегiн де құшамын 
Сенi ойлап жүремiн 
Ажырамай айбарлы ажарыңнан 
Сағынамын айдарлым 
Сабыр салған мiнезiңнен 
Шыдап шексiз сезiмнен 

Аяулым, айқын бейне таңым-ай 
Ақ маңдай арманым айдындай 
Аяулым, айқын бейне таңым-ай 
Ақ маңдай арманым айдындай

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Жан сырым" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен