ГлавнаяИсполнителиҚорабай ЕсеновҚоштасу
название:

Қоштасу


автор:

Қорабай Есенов


рейтинг: ★★★★★ / 5.7 / 1700 просмотров
Сүйе алмадық, кете алмадық, қимадық,
Неге біздер бір құшаққа сыймадық?
Екеуміз де екі айрылған өзендей
Махаббатты басқа жанға сыйладық.

Өтті күндер, өткен күндер, сол күндер,
Жанарымда тамшы болып мөлдірер.
Бір құлаған қайың қайта көктер ме
Қоштасайық қоштасуға қолынды бер.

Бәрі де есте бірге өткізген кештердің,
Көз алдымда қалмаса да еш белгің.
Көкірегімде жұлдыз болып тұрдың да,
Ағып түстің, бірақ соны кеш көрдім...

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Қоштасу" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен