ГлавнаяИсполнителиФариза Оңғарсынова поэзияБір сырымды айтам өзіңе...(оқыған: Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН)
название:

Бір сырымды айтам өзіңе...(оқыған: Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН)


автор:

Фариза Оңғарсынова поэзия


рейтинг: ★★★★★ / 4.8 / 755 просмотров
Бір сырымды айтам өзіңе, жаным, ал тыңдап:
алдыңа сенің күліп те келем жарқылдап,
алдыңа сенің түнеріп келем кейде мен,
өмірдің кейбір көлеңкелерінен салқындап.
Алдыңа бірақ көлгірсіп келмен қашанда,
бар жаным осы: сүйкімді ме әлде нашар ма
Көзіме жақсы көріну үшін өзің де
ұзатар қыздай сәнденіп, текке жасанба!
Сенсіз күндерде қайғы-мұң басып еңсені,
тілегем талай: “Аяулым жақын келсе еді...”
Жағынба маған, жарамсақтардан жиіркенем,
анадан туған пәктікпен сүйем мен сені.
Ашуың келсе, іренжиді-ау деп ашынба,
ішіңнен тынып, жаныңның күйін жасырма,
Екеуіміз, жаным, алдасып жүріп қайтеміз,
онсыз да мынау шындықка тапшы ғасырда.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Бір сырымды айтам өзіңе...(оқыған: Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН)" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен