ГлавнаяИсполнителиАйгуляСырласу вальсі
название:

Сырласу вальсі


автор:

Айгуля


рейтинг: ★★★★★ / 5.7 / 1694 просмотра
Түн жамылып келеміз, айсыз ашық аспан,
Төбемізде жұлдыздар үнсіз жымындасқан.
Бара жатқан зымырап, байқалмайды уақыт,
Бұл не деген қуаныш, бұл не деген бақыт!

Алматының гүл бағын аралаймыз ұзақ,
Қиялменен кетеміз кейде алысқа ұзап.
Күйге толы көңілдер, араластық биге,
Қандай ыстық осы шақ, асықпа сен үйге.

Алақанда алақан, күлімдейді көзің,
Құшағымда қуаныш қасымда сен өзің.
Бүгінгі күн тамаша, бүгін нұрлы бар маң,
Бүгін, міне, қосылды арман менен арман.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Сырласу вальсі" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен