ГлавнаяИсполнителиЕркін ШүкімәнКЕЛШІ, ҚАРҒАМ...
название:

КЕЛШІ, ҚАРҒАМ...


автор:

Еркін Шүкімән


рейтинг: ★★★★★ / 4.9 / 872 просмотра
Иек артқан теңізге мүйістейін, 
Келші, қарғам, шашыңнан иіскейін. 
Иіскейін тек қана, тиіспейін, 
Келші, қарғам, шашыңнан иіскейін. 
Қолаң қара шашың-ай күн қақтаған! 
Қос бұрым-ай жотаңда бұлғақтаған! 
Қарғам, сенде жерімнің иісі бар-ау, 
Жер иісі жұпардан қымбат маған! 
Иісі бар-ау дәннің де, шалғынның да, 
Қырдың да, қырманның да, жаңбырдың да, 
Тұр, сірә, мына шашта иісі аңқып 
Аптаптың, аңызақтың, тандырдың да. 
Шашыңнан иіскетші, қарғам, маған, 
Есіме түсер ме екен арман-далам. 
Иіскетші? 
Жауқазын-жан екенсің: 
Жасанды әсемдікке алданбаған. 
Тұрғам жоқ сауға сұрап қылығыңнан, 
Жан едім махаббаттың құрығы ұрған. 
Иіскейін жұртымның топырағын, 
Иіскет, қарғам, маған бұрымыңнан.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "КЕЛШІ, ҚАРҒАМ..." ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен