ГлавнаяИсполнителиБакдаулет АрыстанШаршадым
название:

Шаршадым


автор:

Бакдаулет Арыстан


рейтинг: ★★★★★ / 5.5 / 1489 просмотров
кездесейік көріктім кездесейік 
бірімізден алыстап кете бермей
кеттің бе тез бой жетіп лезде есейіп
кеудеңді көк аспанға көтерердей

неліктен не үшін мені елемедің
жанымды ауыртасың неге менің
ойланбай сағынбайсың іздемейсің 
мен қазір сені іздейтін кемедемін

өтінем өзге жанмен бүршік атпа 
кездесейік саябақта күн шуақта
қосылмаған жандармыз жолығайық
сосын маған жауап бер бір сураққа

жүрегіме оқ сөзің қадалсада 
мына менен таусылмас амал шара
сол жүрек жер астына қамалсада
сүгені сен өзіңсің шын ғашығы 
пәктігің басқа үшін жаралсада

иә жаным мен ішем шылым шегем
көп нәрсені жасырдым бұрын сенен
жасым болса астығой 20-дан
сезесің бе дәл қазір қиын маған

қиналамын ғашығым бұйырмаған
әліде қайғы мұңым тыйылмаған
жанымды кім сезініп кім ұғады
көңіл күйім кун сайын құбылады

оо Тәңірім ойлансам оңбағанмын 
қарапайым ерекше сорлы адаммын
енді кім оятады мына мені
мен бұрын мұндай мұңды болмағанмын

сеземін ерекшемін еңілігім 
махаббат өлтірмекші мені бүгін
қарап бәрін жүремін көп ойланам 
жаратқаным қорғасын сені гүлім

жем болма тек  адамға не қасқырға
жүрегімнің құлпын тек сен аштың ба
қазір менің сезімім көк аспанда
бірақ сенің сезімің жер астында

әлде қашан мен сенің козіңде өлгем
біраз нәрсе үйрендім өзіңнен мен
сенбеймін ол сүймеймін десе маған
себебі жаным дейтін сөзін берген

телефонда ол жылады жылап тұр
көкейімде неге деген сұрақ тұр
жігітінің туған күні болып жатыр
жалғыз өзі отыр екен бірақ құр

ол жылады әңгіме айтып тұр жылап
бірақ ол қыз оралмайды тым жырақ
жылып жатыр сұрап жатыр жүрегім
уақыт қалай мұндай мұңмен жылжымақ

жылап жатыр жүрегі мен жанары 
тек ұзаққа созылмады хабары
көздерінен аққан әрбір тамшы жас
жүрегіме шоқтай болып тамады

таң қалма қалқам менің ішкеніме
есіңе мүлде бейнем түспеді ме?
өмірге келгеніме өкінбеймін
өкінем өкінішті істеріме
өкінем қате басқан жолдарыма 
өкінем ғашық болып тоңғаныма
өтінем түсіме көп ене берме
өкінем өмір жалған болғанына
өкінем жазылмаған өлеңіме
өкінем сатқындардың өнеріне
өтінем аман жүрші қартаймашы
өкінем адамдардын өлеріне
кей кезде ризамын тағдырыма
өкінем жүректегі бар мұңыма
өмірге келгеніме өкінбеймін
өкінем басқасының барлығына

ешкімге сенбе ешкімге сенбе жүрегім 
көбісі арам көбісі сараң білемін
бір білетінім қорықпа жаным
мендеде көлік болады оныда бір кун мінемін

тулама жүрек жылама журек жалынам
мен ушін әлі шырқайды бір күн халық ән
жыладым талай бұл ісім қалай білмеймін
бір білетінім тек бір Құдайға табынам

мұздама жүрек сыздама жүрек сәл сабыр
Алладан үміт үзбейде жүрғой қанша құл
арманымда көп бақытты күнді аңсадым
жүрегім сабыр демалам енді...
шаршадым... шаршадым...

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Шаршадым" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен