ГлавнаяИсполнителиЖигиттерТуган жер озин дегенде
название:

Туган жер озин дегенде


автор:

Жигиттер


рейтинг: ★★★★★ / 5.1 / 1073 просмотра
Алыс кетсем, мен сенi аңсай жүрем!
Сағыныштан өзiңе ән сап жүрем, туған жер!
Ауылымның түтiнi қымбат маған,
Қымбат маған белдерi күн қақтаған, туған жер!

Туған жер, өзiң дегенде,
Жүремiн әр кез елеңдеп.
Бiр сезiм билеп алады-ау!
Жүрегiм дүрсiл қағады-ау!

Көздi тартып жайнайды-ау далаң гүлден,
Қасиетiңдi қашан да балаң бiлген, туған жер!
Бұл өмiрде, шiркiн-ай, не жетедi,
Құшағыңда әкем мен анам жүрген, туған жер!

Туған жер, өзiң дегенде,
Жүремiн әр кез елеңдеп.
Бiр сезiм билеп алады-ау!
Жүрегiм дүрсiл қағады-ау!

Сенсiз ән-күй жанға саз бередi ме?
Жарар ма екем сәл ғана керегiңе, туған жер!
Сенсiз көрген жарығым су қараңғы,
Сенсiз көрген қызықтың керегi не, туған жер!

Туған жер, өзiң дегенде,
Жүремiн әр кез елеңдеп.
Бiр сезiм билеп алады-ау!
Жүрегiм дүрсiл қағады-ау!

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Туган жер озин дегенде" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен