ГлавнаяИсполнителиТабылды ДосымовСәйгүлік
название:

Сәйгүлік

автор:

Табылды Досымов

рейтинг: ★★★★★ / 5 / 1048 просмотров
КЕЗДЕРДЕ КЕЙДЕ ҚАРА БҰЛТ АЙДЫ БҮКТЕГЕН, 
ҮЙІМЕ ҮНСІЗ ТҰНЖЫРАП ҚАЙҒЫРЫП КЕЛЕМ. 
ТАЛЫҚСЫП ЖАТЫП СОДАН СОҢ КЕТЕМІН ҰЙЫҚТАП, 
ҰЙЫҚТАП КЕТСЕМ ТҮСІМДЕ СӘЙГҮЛІК КӨРЕМ...

Қайырмасы:
Мінем де шабам алдымнан аңғарлар қаптап, 
Таулардан орғып өтемін, заңғарларды аттап. 
Жарықтың жылдамдығын да жолда қалдырам, 
Мен болсам — арман, тұлпарым — арманнан да әппақ!

Аққу сындымын бүгінде айдыны — қырау. 
Қай жаққа апарып көмермін қайғымды мынау. 
–Өңіме қарай бір кезек, шаппайсың неге? 
Түсімде көріп жүретін сәйгүлігім - ау!..

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Сәйгүлік" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен