ГлавнаяИсполнителиАлия АбылкайырКайсар Казак
название:

Кайсар Казак


автор:

Алия Абылкайыр


рейтинг: ★★★★★ / 5.5 / 1451 просмотр
Қаһарлы желтоқсанның ызғарында
Мұз қатқан Алатаудың тұстарында
Зорлыққа шыдай алмай болды қарсы
Қазақтың ұлдары мен қыздары да

Тұрмадың сен де қарап, жайқалмадыә
Қатерге шықтың қарсы тайсалмадың
Қаймығып қорықпадың мұнынмен де
Аңсаған азаттықты қайсар жанның

Бауырым сен бұл күнді көре алмадын
Өзіңмен кетті бірге көп арманын
Таныды әлем бірақ саған қарап
Қазақтың еркіндікке жаралғанын

Бұл күндер талай ғасыр болған арман
Халқымыз бас билігін қолға алған
Теңеліп ұлт есесі көп ұлттармен
Ел болдық бар мүддесін қорғай алған

Көтердік көк байрақты аспанына
Бас иед халқын сендей асқар ұлға
Қорғаған ел намысын, ұлт намысын 
Желтоқсан-қайсар қазақ жастарына

Бауырым сен бұл күнді көре алмадын
Өзіңмен кетті бірге көп арманым
Таныды әлем бірақ саған қарап
Қазақтың еркіндікке жаралғанын

Зорлық пен қорлыққа сен көне алмадын
Өзіңмен кетті бірге көп арманын
Таныды әлем бірақ саған қарап
Қазақтың еркіндікке жаралғанын

Бауырым сен бұл күнді көре алмадын
Өзіңмен кетті бірге көп арманын
Таныды әлем бірақ саған қарап
Қазақтың еркіндікке жаралғанын

Мың өліп мың тірілген қайран қазақ
Тарихта талай-талай көрдін азап
Қаншама боздақтарын пида болды 
Болсын деп егеменді елім азат

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Кайсар Казак" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен