ГлавнаяИсполнителиДжейранАяла мены
название:

Аяла мены


автор:

Джейран


рейтинг: ★★★★★ / 5.4 / 1428 просмотров
Сүйкімді қызды сұлуым деші
Ұйқымды бұзды қылығың деші
Сендікпін деші

Судан да мөлдір тұнығым деші
Балдан да тәтті шырыным деші
Сендікпін деші

Тағы тағы қалшы
Еліте еркелейін
Құшағыңа алшы
Денеңе өртенейін
Небір сұлу келер
Жігітім бері қара
Мені сүйсең егер
Аяла мені ғана

Аяла мені
Аймалашы мені
Аяла мені
Ойламашы оны
Аяла мені
Аяла мені

Көркімді көріп күнім деп тұрып
Сертімді беріп шыным деп тұрып
Сендікпін деші

Саусағың аздап дірілдеп тұрып
Гүліңді беріп гүлім деп тұрып 
Сендікпін деші

Жаныңды жаулаймын
Сөзіме сенесің бе
Сезіммен арбаймын
Ертеді елесім де
Қасыңнан қалмаймын
Өзіңде келесің бе
Мен деген сондаймын
Бәріне көнесің бе

Аяла мені
Аймалашы мені
Аяла мені
Ойламашы оны
Аяла мені
Аяла мені

Жаныңды жаулаймын
Сөзіме сенесің бе
Сезіммен арбаймын
Ертеді елесім де
Қасыңнан қалмаймын
Өзіңде келесің бе
Мен деген сондаймын
Бәріне көнесің бе

Аяла мены 
Аймалашы мені
Аяла мены
Ойламашы оны
Аяла мені

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Аяла мены" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен