название:
автор:
"Өлшеулі өмір" терме
автор:
Саят Әбенов
рейтинг: ★★★★★ / 5.1 / 1063 просмотра
- Текст
- Открытка с текстом
Өлшеулі өмір. Менің үніме құлақ түр елім, Бəрі-бəрі де сынақ білемін. Өмір жайында ойлана қалсам, Ессіз адамдай жылап-күлемін. Жүрміз өлместей өмірге келіп, Жалғанның жайлы төрін де көріп. Басыңа жауған бақыттың қары, Түседі-ау, бір күн көңілден еріп. Жалған есігі қағылмайды құр, Қамшының қысқа сабындай ғұмыр. Байлығыңменен байлай алмассың, Асау тағдырың бағынбайды бұл. Мəңгілік емес жалған бəрі де, Біз татқан қиял, арман дəмі де. Кəрілік келер қалған өмірің, Байланып жіпсіз қалған дəріге. Кетер əкең де, анаң да кетер, Кеткенше саған алаңдап өтер. Тірі кезінде құрметте бəрін, Өкпелегенше заманға бекер. Бермес ешкімге тіршілік баға, Татымас байлық бір шыбыққа да. Анау өмірге апаратының, Құдайға қылған құлшылық қана. "Шіркін" таусылса " əттеңің" ғана, Өлшеулі өмір сəттерін қара. Жалғаннан жалғыз алатын еншің, Бір-екі метр ақ кебін ғана... Сыналар өмір өтінде күшің, Бай адам мықты секілді ел үшін. Жер бетін ешкім жаулай алмайды, Жер жаулап алар бетіндегісін. Жетер Алладан үкім алдағы, Пенденің өлмеу бүкіл арманы. Айтып келмейтін ажал құрғырдан, Қорқыттың өзі құтыла алмады. Кешегі өткен əр күнің елес, Əрбір адамның тағдыры белес. Бəріне мəңгі өмір тілер ем, Өмірде бəрі мəңгілік емес! Торғайлық ақын - Саят Əбенов
А как ты думаешь, о чем песня ""Өлшеулі өмір" терме" ?
Кульзайра Салыкова(Смагулова) 26 Dec 5:22
слов не могу подобрать выразить не могу душа и сердце разрывается от слов песни акылды оте акылды баласын кумурын узак болсын аркашанда жолын ашык болсын баурым
слов не могу подобрать выразить не могу душа и сердце разрывается от слов песни акылды оте акылды баласын кумурын узак болсын аркашанда жолын ашык болсын баурым