ГлавнаяИсполнителиАқылбек ЖаңабаевҰлыма өсиет Терме Тоқтар Серіков
название:

Ұлыма өсиет Терме Тоқтар Серіков


автор:

Ақылбек Жаңабаев


рейтинг: ★★★★★ / 5 / 1006 просмотров
Бір Құдайдан сұрап алған құлыным
Сенсіз мəнсіз бір шумақ-ай жырымның
Əкеліктің енді білдім салмағын
Менде сендей бір əкенің ұлымын
Сені берген Жаратқанға жалынып
Теңдесі жоқ бір Құдайдың құлымын

Бұл өмірде көрме балам күрсініп
Сеніменен қандай тəтті тіршілік
Бір құдайға жаса балам құлшылық
Сонда өмір сүргің келеді құлпырып
Адалдықтың ең үлкені осында
Біле білсең өмірдегі-ай бұл шындық

Сен туғанда азамат боп анадан
Мен қуанғам дархан болып даладан
Ұлым менің шаңырағымның уығы
Мен түгілі мойындайды бар адам
Менің дінім, менің тілім сенікі
Бар байдығым, қалған мұрам бабадан

Елің, жерің, тілің, дінің шарайна
Кір жұқтырып ала көрме жарайма!?
Ел көңілін бір қалдырсаң болғаны
Хан баласы болсаңдағы қарайма
Тағдыр сені қателесең кешірмес
Өмір сенің əкең емес абайла

Дүние деп жинай көрме алтынды 
Талай адам байлық қуып алқылды
Арын таза боса әппақ қардай
Сонда білер мына елің арқынды
Дау алмайды, жау алмайды басыңды
Қара орманым деп түсінсең халқыңды

Балапаным қарашығым қарағым
Таудай биік болсыншы тек талабын
Сен ер жетіп елге керек болғанша
Мына менің таусылмайды аланым
Құдайға құл адамға ұл болып өс
Абайлап бас санаулы ғой əр адым

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Ұлыма өсиет Терме Тоқтар Серіков" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен