ГлавнаяИсполнителиНеизвестенБір ауылдың түлеп ұшқан жастары едік
название:

Бір ауылдың түлеп ұшқан жастары едік


автор:

Неизвестен


рейтинг: ★★★★★ / 5.2 / 1186 просмотров
Бір ауылдың түлеп ұшқан жастары едік
Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік!
Бәрімізде жазылмаған дастан едік
Армандастар, Құрдастар!

Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік
Бәріміз бір өмір жолын бастап едік
Армандастар қайда? Абзал достар қайда?
Замандастар, қарлығаштар кайда екен!!!

Арман қуған, қиял қуған кезім қайда
Құрбы қыздар мөлдіреген көзім қайда
Сол алғашқы алаулаған сезім қайда 
Армандастар, құрдастар!!!

Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік
Бәріміз бір өмір жолын бастап едік
Армандастар қайда? Абзал достар қайда?
Замандастар, қарлығаштар кайда екен!!!

Бәрің достар, әр тарапқа кеттіңдер ме
Әлде биік асулардан өттіңдер ме
Әлде игі армандарға жеттіңдер ме
Қайдасыңдар, құрдастар?

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Бір ауылдың түлеп ұшқан жастары едік" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен