ГлавнаяИсполнителиTERME-Жүсіпбек ЕлебековАбай “Сегіз аяқ”
название:

Абай “Сегіз аяқ”


автор:

TERME-Жүсіпбек Елебеков


рейтинг: ★★★★★ / 4.8 / 806 просмотров
Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған.

Хиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған.

Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл.
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас.

Білгенге маржан,
Білмеске арзан,
Надандар баһра ала алмас.

Қиналма бекер тіл мен жақ,
Көңілсіз құлақ, ойға олақ.
Басында ми жоқ,
Өзінде ой жоқ,
Күлкішіл кердең наданның

Көп айтса көнді,
Жұрт айтса болды –
Әдеті надан адамның.

Бойда қайрат, ойда көз,
Болмаған соң айтпа сөз.
Атадан алтау,
Анадан төптеу,
Жалғыздық көрер жерім жоқ.

Ағайын бек көп,
Айтамын ептеп.
Сөзімді ұғар елім жоқ.
Моласындай бақсының,
Жалғыз қалдым – тап шыным!

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Абай “Сегіз аяқ”" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен