ГлавнаяИсполнителиЕркін НұржановӨзгені дәл өзіңдей сүйе алмаймын....Н.Ж.
название:

Өзгені дәл өзіңдей сүйе алмаймын....Н.Ж.


автор:

Еркін Нұржанов


рейтинг: ★★★★★ / 5.4 / 1368 просмотров
Балауса бал күнімнің, балауыз ән-жырымның
Өзегі бір сен едің толағай тағдырымның
Сол шақты сағынғаннан іздеймін сағымдардан
Бейнеңді жасап алып ағылған лағылдардан

Ұмытам деген мен ем, өзіңе елеңдеумен
Өзгені дәл өзіңдей сүйе алмаймын
Өмірім өзгергенмен, шыға алмай сергелдеңнен
Қайтейін жаным сені қия алмаймын

Ақ жаңбыр селдетеді, көңілмен ерік өшеді
Жанымды тәтті мұңның бесігі тербетеді
Еркімді еншіледің, дертімді көрші менің
Пернесін сезімімнің сен алғаш шертіп едің

Ұмытам деген мен ем, өзіңе елеңдеумен
Өзгені дәл өзіңдей сүйе алмаймын
Өмірім өзгергенмен, шыға алмай сергелдеңнен
Қайтейін жаным сені қия алмаймын

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Өзгені дәл өзіңдей сүйе алмаймын....Н.Ж." ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен