ГлавнаяИсполнителиZhaS BauR & Almas Olzhagaliev & HalFaniКiм бiлген....
название:

Кiм бiлген....


автор:

ZhaS BauR & Almas Olzhagaliev & HalFani


рейтинг: ★★★★★ / 5 / 1015 просмотров
Сүймеймін деген сөзіңе сенімсізбін сенбеймін
Сен өзгемен жүргеніңді тіпті елестетпеймін
Себебі махаббат болды арамызда ерекше
Ұмытылмас күндер өтті қол ұстас бірге

Түнгі Жайықтың жағасы және жұлдыздар бейнесі
Қазір соның бәрі артта тек неге демеші
Тағдырдың жазғанына мен қарсы тұра алмадым
Қанша тырысып қарадым бірақ бірге бола алмадым

Кейде үнсіз отырамын өткен күндерді ойлай
Кейде көшеге шығамын саябақты бойлай
Бірге жүрген жерлерге бірнеше рет көз саламын
Сағынғанымба түсінбедім сені көргендей боламын

Байқадым өзгеріпсің ғой жаным
Есейдің бе шынымен менің ерке кішкентайым
Соңғы өтінішім бар қалсыншы есіңде есім
Дәурен деген менің күлімдеген кезім

Қайырмасы:
Көңілсіз болған шақта...
Сенімсіз сын өмірден кімге жылу беремін
Қасымда болмасаңда мәңгі қалдың жадымда
Риза болып өтемін сені өмірде барына

Ал сен білесің бе арамызда аз уақыт өтседе
Түрлі естелік қалды біздің нүктеде жүрегімізде
Сезімнің құлпын бұзып өзіңе ғашық қылдың
Жүрегіме есіміңді жазып соңында неге сыздың
Тап қыздың махаббатың ащы тұздың дәмінен
Ал мен саған сенгенмін бақытты көздедім сенен
Бәлкім қателік менен сені ерте сүйгеніме
Ал енді өкінем бәріне кеш білгеніме
Мені жолдан тастауға айтшы не себеп болды
Армандап келген бақытқа жеткізе алмадық қолды
Не үшін дірілдедің не үшін мендік болдың
Қанша ойладым миға сыймайды түсіндірші соны
Неліктен тағдыр біздің аяғымыздан шалды
Қалайша біз сындырдық жаңа бастап еккен талды
Мүмкін сен үшін бәрі артта қалды
Ал менің ішімде бәрі құпия болып сақталды

Қайырмасы:
Көңілсіз болған шақта...
Сенімсіз сын өмірден кімге жылу беремін
Қасымда болмасаңда мәңгі қалдың жадымда
Риза болып өтемін сені өмірде барына

Мысалы ойлап қарашы қандаймыз қазір
Кішкене сөйлесе қалсақ ұрысып кетуге әзір
Көңілдеріміз жынданатындай не істедік?
Кезінде кұлай сүйгесін қалай осы күнге жеттік?
Сенімсіз шынында өзгемен елестетпеймін
Елесім тек сен болғасын өзіңді елестетпеймін
Үйреніп қалғасынба сен үшін мен көп қиналдым
Саған ашуланам деп сезімімді арттырғанмын
Ал енді елестетші мен үйленіп кеткенмін
Сәбиім бар бақыттымын өткен күндерді өртедім
Осыны біле тұра сен не істеуші едің
Өткен күн орылмайды жақсы осыны білгенің
Қара бұлт сезімімнің жоғарынан күркүрейді
Жас жүрегім дүрсілдейді сезгендей бір үрейді
Кейде сенің бейнең маған елес болып сойлейді
Бәрінің біткеніне жүрегім мүлдем сенбейді

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Кiм бiлген...." ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен