ГлавнаяИсполнителиНеизвестенШолпандай жарқыраған таң алдында
название:

Шолпандай жарқыраған таң алдында


автор:

Неизвестен


рейтинг: ★★★★★ / 5.3 / 1293 просмотра
Шолпандай жарқыраған таң алдында
Жан ерке саған теңеу таба алдым ба
Ажарың алтын айдың таң шапағы
Құрбым-ау күн көзінен жаралдың ба?

Өзің, сәулем, іздегенім
Кездесуге жүз келемін
Сөйлесуге тіл жетпейді
Қиын екен қыз дегенің

Қараудан ақ жүзіңе зерікпедім
Апыр-ау неткен өзің көрікті едің
Достар-ау айтыңдаршы шындарыңды
Өмірде осындай қыз көріп пе едің?

Өзің, сәулем, іздегенім
Кездесуге жүз келемін
Сөйлесуге тіл жетпейді
Қиын екен қыз дегенің

Өзіңе осы әнімді арнадым да
Алдыңа талай рет бармадым ба?
Жас жаным күтеді әлі үміт таңын
Қолымды жеткіз сәулем арманыма

Өзің, сәулем, іздегенім
Кездесуге жүз келемін
Сөйлесуге тіл жетпейді
Қиын екен қыз дегенің

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Шолпандай жарқыраған таң алдында" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен