ГлавнаяИсполнителиАйгерим КалаубаеваКешікпей келем деп ең... Аңсаған бақытым сияқтанып
название:

Кешікпей келем деп ең... Аңсаған бақытым сияқтанып


автор:

Айгерим Калаубаева


рейтинг: ★★★★★ / 4.8 / 825 просмотров
Аңсаған бақытым сияқтанып,
Ай туып келеді қияқтанып,
Жол жаққа қараймын,
Сен жоқсын, арайлым.
Кешікпей келем деп ең,
Мен тұрмын елеңдеумен.

Қайтемін кінәләп бұған сені,
Сағатың алдаған шығар сені,
Нұр ойнап көзіңде,
Уәделі кезіңде.
Кешікпей келем деп ең,
Мен тұрмын елеңдеумен.

Көшеде сырласып, шалқып басып,
Құрбылар барады қолтықтасып,
Тағатым таусылды,
Аңсадым даусыңды.
Кешікпей келем деп ең,
Мен тұрмын елеңдеумен.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Кешікпей келем деп ең... Аңсаған бақытым сияқтанып" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен