ГлавнаяИсполнителиРоза Рымбаева, Бекболат ТілеуханЖерім Менің
название:

Жерім Менің


автор:

Роза Рымбаева, Бекболат Тілеухан


рейтинг: ★★★★★ / 5.2 / 1189 просмотров
Байлығы қазағымның кең даласы,
 Ырыстың ұясындай сай-саласы.
 Туған жер, қасиетіңнен айналайын,
 Таусылмас ұрпағымның қазынасы, 
 О - оу жерім менің!

 Қайырмасы: 

 Бабамнан қалған кең далам,
 Анам сенсін, мен – балаң.
 Арым сенсің аялар, 
 Беу, кең далам, аманатым қорғаған. 

 Жетісу - жер жаннаты, ғажабың-ай,
 Думанның Сарыарқам бар базарындай.
 Арасы өр Алтай мен Атыраудың,
 Жаратқан бұйыртыпты қазағыма, 
 О - оу жерім менің!

 Орал мен қара Ертістің арасында,
 Алатау, Көкшетаудың саясында.
 Қазақтың көңіліндей кең даласын,
 Қалдырған ата-баба баласына, 
 О - оу жерім менің!

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Жерім Менің" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен