ГлавнаяИсполнителиАлтынбек ТашімбетовҚарындасым
название:

Қарындасым


автор:

Алтынбек Ташімбетов


рейтинг: ★★★★★ / 5.3 / 1328 просмотров
Ерке қыз боп өсіп ең бала күннен
Жер тербеген бұрымыңды
Қоштасудың жырын мұңлы оқып тұрсың жанарыңмен
Сәл нәрсеге бұртыйып назданатын
Ботақаным балғын үнді
Сол күндерден қалды белгі еске алатын, мәз болатын [bad word] /kazchords.kz — аккорды и тексты казахстанских песен

Қарындасым,
Өз ұяңнан жыраққа қанат қақтың
Қарлығашым,
Ұзатылдың ұзаққа,жүрегімде жаңғырасың
Арылмасын бақыттан бұл өмірде мәңгі басың

 

Жат жұртыққа жаратылған қалқатайым
Тағдыр бастан жолды айырды
Бір иіскеп маңдайыңнан мұң өрнегін тақатайын
Ширатады барлығын сынатар кім
Қандай қиын қыз балаға
Айнал жаным ізгі анаға
Тілек осы бұл ағаңнан

 

Қарындасым,
Өз ұяңнан жыраққа қанат қақтың
Қарлығашым,
Ұзатылдың ұзаққа, жүрегімде жаңғырасың
Арылмасын бақыттан бұл өмірде мәңгі басың

 

Қарындасым,
Ата-анаңның үмітін ақта дайым әппақ айым
Жайраңдай бер кір шалмай көңіліңді мақтадайым
Шаттық әніңмен тербе әлемді, шаттанайын [x2]

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Қарындасым" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен