ГлавнаяИсполнителиEagleМахаббат күні (ULife Music)
название:

Махаббат күні (ULife Music)


автор:

Eagle


рейтинг: ★★★★★ / 4.8 / 782 просмотра
Түнгі бөлме, зулаған көліктер
Терезеден бөлмемнің шамдары жарқ етер
Сезілді ақпанның суық ызғары
Армандаймын мені сүймеген бір басқа жанды

14 ақпан Махаббат күні
Аңсаймын осы күні ыстық құшағыңды
Әлі де үміттенем бірге болармыз деп
Неліктен саған деген үмітім де сөнбейді екен

Көшеде бақытты толы сүйген жандар
Күлімсіреп қайғыдан сүйсініп өтіп барам
Мен де бақытты болған едім бұрын
Сол бақыт алдамшы кетті міне құрып

Енді міне жалғызбын, бақытымнан алыс
Мүмкін менің тілейсің жүрегіме қарғыс
Күйзелген жаныма өнерім болды демеу
Махаббат күніне арналды осы өлең

Қайырмасы:
Жоғалған арманым болдың сен жалған
Өмірімнің мәні едің әрқашан тілеп аңсаған
Неліктен қатігез екен бұл жалған

Далада суық ызғар ал мен болсам үйде
Отырмын мұңайып, бірақ күлімсіреп
Өтеді ғой уақытым сені ойлаумен ғана
Білесің жеңілмеймін енді ешқашан да

Жылытпайды жылуы енді махаббаттың
Керек емес маған сенің жалған құшағың
Кей кезде ойлаймын бәрі дұрыс болды
Иығыма жалған махаббат құсы қонды

Жарайды кеттің енді, ал мен болсам мұңды
Емеспін Жаным саған кетсін бәрі құрып
Тілерім енді саған үлкен үлкен бақыт
Махаббат күнінде қайғырдым ән айтып

Осы күні жалғыздық құшағын сезіндім
Жаңбыр астында жатқан балшықтай езілдім
Басқа не деймін енді қимады сезімім
Бақытты бол, аман бол, қош бол сүйгенім

Қайырмасы:
Жоғалған арманым болдың сен жалған
Өмірімнің мәні едің әрқашан тілеп аңсаған
Неліктен қатігез екен бұл жалған

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Махаббат күні (ULife Music)" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен