ГлавнаяИсполнителиОрындайтын: Қанат Аяпберген,Мен біреуді сағынамын
название:

Мен біреуді сағынамын


автор:

Орындайтын: Қанат Аяпберген,


рейтинг: ★★★★★ / 5.1 / 1145 просмотров
1)Неге оны ұмыта алмай?
Неге соны сағынам?
Ақылымнан адасамын, 
Сабырымнан жаңылам.

Мейлі қанша жыл өтсе де,
Ұмытылмай жадымнан.
Ауыр ойлр жүдетсе де,
Мен біреуді сағынам...

Қ-СЫ:
Мен біреуді сағынамын,
Сағынамын әлі де.
Ойлап соны зарығамын,
Зар қосылып әніме.

Сар уайымға салынамын,
Олсыз өмір мәні не?
Соны іздеп кетсем бе екен?
Қолды сілтеп бәріне!

2) Ескі қала көшесінде,
Кешке салып тағы да ән.
Іздейм оны әрбір қыздың,
Жанарынан, жанынан.

Татқым келіп тағы да оның,
Ерінінің балынан.
Таңға дейін көзімді ілмей,
Мен біреуді сағынам...

Қ-СЫ: сол қайырма.

3)Күтем оны әр көктемнің,
Күліп атқан таңынан.
Соған арнап маржан жырды,
Сыйлайыншы лағыл ән.

«Әлі сені сүйемін»,- деп,
Ақтарылам ағымнан.
Мен сол қызды сағынғанмын,
Мен сол қызды сағынам!!!

Қ-СЫ: жаңа қайырма.

Мен сол қызды сағынғанмын,
Сағынамын әлі де.
Әлі талай зарығармын,
Зар қосылып әніме.

Сар уайымға салынамын,
Олсыз өмір мәні не?
Соны іздеп кетсем бе екен?
Қолды сілтеп бәріне!

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Мен біреуді сағынамын" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен