ГлавнаяИсполнителиNAAAMENҰстазым
название:

Ұстазым


автор:

NAAAMEN


рейтинг: ★★★★★ / 5.2 / 1206 просмотров
Сәлем ұстазым
Өзіңе арнап ән жаздым
Есіме түсті менің
Бұзықтық балғын шағым 
Сабақта шулағаным
Өзіңді тыңдамадым
Оғанда қарамадың 
Сен мені аяладың

Иә ұстазым
Өзіңді тыңдамадым
Ауырып  қалдым деп 
Өзіңді көп  алдадым
Қыздардың шашын тартып
Балдармен қырылғаным
Есімде әлі күнге 
Бұрышқа тұрғызғаның 

Иә ұстазым
Сабақты оқымадым
Есімде екі алғаным
Сол үшін жылағаным
Есімде жұбатқаның
Күлкімді келтіреді 
Екі үшін жылағаным

Әрине ұстазым
Коп кой Сізге қарызым
Мың рет тағзым
Бұл менің парызым 
Керемет тәрбиеңе 
Рақмет ұстазым
Рақмет ұстазым

Қайырма: 
Сағынамыз осы бір күнді
Ұстазым сенің құшақ күлкіңді 
Сағынамыз сені мектебім
Өзіңмен өткен қызық күнді

11 жыл өтті қас қағымда
Ұстазбен  өтті жас шағымда
Ұмытпаймыз біз сізді мәңгі 
Есте сақтаңыз  осы  әнді

Есімде ұстазым
Сабақтан қашқаным
Жайдарманға қатысып 
Жеңіспен оралғаным
Балаша қуанғаның 
Сенем саған балам деп
Көзіңе жас алғаның

Құрметті ұстазым
Есімде үміт артқаның
Ақтайсың балам оқы деп
Арқамнан менің қаққаның
Үмітіңізді    ақтаймын
Студенттік өмірге  жол бастаймын

Соңғы күн 
Енді мектеп оқымаймын
Жайғана осы күнді ескі алып армандаймын
Білім берген ой берген сана берген 
Сабақ берген ұстаздарды қиялмаймын

Қайырма: 
Сағынамыз осы бір күнді
Ұстазым сенің құшақ күлкіңді
Сағынамыз сені мектебім
Өзіңмен өткен қызық күнді

11 жыл өтті қас қағымда
Ұстазбен  өтті жас шағымда
Ұмытпаймыз біз сізді мәңгі 
Есте сақтаңыз  осы  әнді

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Ұстазым" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен