ГлавнаяИсполнителиАрман ЕрмаханҚазақтың баласы
название:

Қазақтың баласы


автор:

Арман Ермахан


рейтинг: ★★★★★ / 4.7 / 666 просмотров
Бұл қазақтың даласы,кең байтақ жер қарашы
Бабалары қорғаған ешкімнің жоқ таласы
Тарихта есімі алтын әріппен жазылған
Бауыржан мен Рақымжанның биік тұрар бағасы

Қайрат пен Ербол тәуелсіздік құрбаны
Әділдікті ешқашан басқа арнаға бұрмады
Қан жылатты жүректі оларды ұрғаны
Елді қазақ билесін олардың ұраны

Қазақтың жігіті қорғаған елді білекпен
Қазақтың жігіті сүйген елін жүрекпен
Қазақтың жігіті олар елдің қорғаны
Біздің жігіттер,олар,тарихты да сөйлеткен

Қазақтың жігіті желбіретті байрақты
Шетелдерге көрсетті қазақи қайратты
Елі үшін жандарын шүберекке байлапты
Бұл қазақтың жігіті арыстандай айбатты

қ-сы
Қазақтың жігіттері ұлтын көпке танытқан
Қазақтың жігіттері бойға өнер дарытқан
Қазақтың жігіттері туды биік көтерген
Бұл қазақтың жігіттері таймайтын бір қалыптан

Қазақтың жігіттері терін төкті, ел үшін
Жинап бойға қайратты,атқа қонды жер үшін
Қорғады отанын ақтық демі қалғанша
Кім үшін дейсің бе?ей,қазағым сен үшін!

Бұл қазақтың жігіті елін,жерін қорғаған
Отанды қорғады бала кәмілет жасқа толмаған
Осындай ерлерің,жан аямай алысқан
Қазақтың бейнесін анық бізге қарай жолдаған

Қазақтың жігіті,мойындатқан Лондонды
Парижге де жеткізді қаақи толқынды
Бәрі де ел аузында ұмытылған жоқ әлі
Жазу керек деп ойлаймын бас әріппен бұл күнді

Бұл қазақтың жігіті намысын биік санаған
Бұл қазақтың жігіті сыйлаған бастап баладан
Бұл қазақтын жігіті ел қорғау үшін жаралған
Бойына қазақтың ғана таза қаны кеп тараған

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Қазақтың баласы" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен