ГлавнаяИсполнителиНеизвестен«Ақ жүзіңде жылу бар» деп
название:

«Ақ жүзіңде жылу бар» деп


автор:

Неизвестен


рейтинг: ★★★★★ / 5.5 / 1489 просмотров
«Ақ жүзіңде жылу бар» деп,
Дейді арулар – бері қара.
Мені ұнатқан сұлулар көп,
Ал мен сүйем сені ғана.

От болып күйгенімен,
Соншама сүйгенімен,
Болса да ғашық кім мейлі,
Жүрекке әмір жүрмейді.

Күндей нәзік сыр ұғар кім,
Тағдырынан қыз баланың.
Мен өзіңді тірі жанның,
Барлығынан қызғанамын.

От болып күйгенімен,
Өзге жан сүйгенімен.
Жүрекке әмір жүрмейді,
Тек сен деп жаным гүлдейді!

Түсіресің жиі еңсені,
Сынағандай шартыңменен.
Еркем, бірақ сүйем сені,
Дәл осындай қалпыңменен.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "«Ақ жүзіңде жылу бар» деп" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен