ГлавнаяИсполнителиЖандосЛирика
название:

Лирика


автор:

Жандос


рейтинг: ★★★★★ / 4.8 / 751 просмотр
Лирика
Жалғыз қалғанымда парақпен сыр бөлісемін
Іштегі мұңымды жазам ол бәрінде көтереді
Әзірге жақыным сол басқа сенетінім жоқ
Мені тыңдар жан болса менің айтатыным көп

Жүректен шыққан өлеңде ешқандай қате болмайды
Менің шумақтарымды ешібір ақын жазалмайды 
Кеудемде жан бар кезде бұл қарқыным басылмайды
Шыңда биік арманым тұр шабытым сарқылмайды
Махаббатты жылып жазсам ол жеңілгенім емес
Өмірді көргендей жазсам ол түңілгенім емес
Әрқашан беретін кеңес бағытымды сілтеп көрсететін
Ата анам бар оғанда тәубе етемін
Ал сезімге келер болсақ расында көп сүріндім
Талай көз жасқада қалып талайына түкірдім
Бәлкім сондықтан болар бұл лирика көбірек
Сізді жылатқан болса сол сәттер мені күлдіред
Жә жетер жарайды өткенге оралмайын
Кешегіммен бүгінімді ауыстырып қоялмаймын
Дұрыста шығар енді тек алға деп ұмтылғаным
Жаңадан жол ашар еді олардың ұмытылғаны

Қайырмасы:
Лирика жүректен жүрекке жол салатын 
Лирика нағыз шабыт самалын шақыратын
Ащы мен тұщыны айнытпай сізге жеткізетін
Лирикағой ақпен қараны айырып беретін

Тәрбиелік мәнін іздедім Жақаудың жырларынан
Өмірдің қыр сырын ұқтым Сұлтанның шумағынан 
Сөз атасы Тарланнан әдеби сөйлеуді үйрендім
Міне осы тұлғалардан көкейіме түйгенім 
Меніңде шумақтарым жыр боп төгілуде тағы
Бұл сәт бұйыра бермейді бәлкім басымдағы бағым
Шабытымның шамасын осыған жеткеніне 
Таң қалам парағыма осы сөздердің түскеніне
Мүмкін қате жазармын жеткізе алмай өз ойымды
Бәлкім жаста шығармын түсінбейтін бұл ойынды
Міне жаңа өмір өткенім сол бойы жойылды 
Тынысым кеңейе түсті тіктеп алдым бойымды
Жаратқан маған жәрдемші мейірін төгіп тұратын
Отбасым маған көмекші сүрінсем демеп тұратын
Достарым аз болсада ол жандар маған қымбат
Жанымды ұғынатын олардан басқа кім бар?

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Лирика" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен