ГлавнаяИсполнителиАян & АкбалаМектеппен коштасу
название:

Мектеппен коштасу


автор:

Аян & Акбала


рейтинг: ★★★★★ / 5.2 / 1249 просмотров
Мектеппен қоштасу
Бақытты бұл өміріміз 
Күндей болып көңіліміз
Басты қадам болашаққа
Арман болып серігіміз-ұлдар
Енді күзде келе алмаймыз
Ұстаздарды көре алмаймыз
Балалықпен мәңгілікке
Қоштасуға сене алмаймыз-қыздар
Қ-сы: Сен қаласың артымызда куә болып қолын бұлғап
Біз барамыз қиялдарға қатаямыз өмір шыңда
Шақырады ана асу еркелесе мол арманым
Қимастықпен әр кез бірақ мектеп сені сағынамын

Әлі күнге көз алдымда
10 жыл бұрын келген күнім
Бір шоқ гүлді ұстазыма
Пәк сезіммен берген күнім
Достық пейіл сыр ашылып
Ұстаздардан біз жасырып
Қоңыраудың сыңғыр үні
Есту үшін күнде асығып
Қ-сы:--
Ыстық ұям сағынамыз
Мәңгі өзіңе табынамыз
Қиыр шетте болсақ-дағы
Жанымыздан табыламыз
Алтын ұя мектебіміз
Қош бол соңғы көктеміміз
Сенің арқаң бүгін біздің
Таудай болып өскеніміз

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Мектеппен коштасу" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен