ГлавнаяИсполнителиЖанар АйжановаАтасы жақсы қандай-ды
название:

Атасы жақсы қандай-ды


автор:

Жанар Айжанова


рейтинг: ★★★★★ / 4.7 / 681 просмотр
Жанар Айжанова - Атасы жақсы қандай-ды

Армысың ата-әже, қариялар
Елімнің шежіресі, дариялар
Армысың, аға-жеңгей, белестерім
Ақылшым, маған берген кеңестерің. 

Армысың, құрбы-құрдас, жолдастарым,
Өзімнің бірге ойнаған құрдастарым.
Осындай достарымның тойларында-ей
Өзімше осылай бір ән бастадым. 

Атасы жақсы қандай-ды
Перзент қамын ойлайды
Перзентім адам болсын деп
Қылығына тоймайды.

Анасы жақсы қандай-ды
Қамқорлығы таудай-ды
Қалқам деп шықса алдыңнан
Кеудеңде қайғы қалмайды.

Ағасы жақсы қандай-ды
Алдыңда асқар таудай-ды.
Сүйінгенде сүйініш, құлағанда қолдайды
Інісі жақсы қандай-ды
Айтқан бір тілді алғай-ды
Ақылменен іс істеп
Бетіңе күйе салмайды.

Қарындас деген мейман дос
Сірә да қапы қалмайды, 
Қиын іс түссе басыңа
Туысқан қамын ойлайды. 

Жеңгесі жақсы қандай-ды
Шаршап бір келсең жұмыстан
Төсегің қамын салғай-ды
Келіп тұрса ашуың 
Айналайын мырзаш деп
Басыңнан сипап алдайды.

Ағайын жақсы қандай-ды
Туысқандық қалмайды
Жездесі жақсы қандай-ды
Әкеден кемі болмайды. 

Жиені жақсы қандай-ды
Бөліп бір жеген нандай-ды
Нағашы жақсы қандай-ды
Үзілген жерді жалғайды. 

Осының бәрі бар болса, 
Есен де аман сау болса
Айналайын, жақсылар
Бақ-дәулет келіп басыңа
Өзі оралып қонбай ма?

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Атасы жақсы қандай-ды" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен