ГлавнаяИсполнителиНәби АймұратовМектептегі махаббат
название:

Мектептегі махаббат


автор:

Нәби Аймұратов


рейтинг: ★★★★★ / 5.6 / 1565 просмотров
Енесей мен Еділді шатастырып картадан,
Ең алғашқы махаббат, басталады партадан.
Күндей таза көңілің, қардай таза парақты,
Махаббаттың толғағы басталады партадан.

Шығармаң сол жазатын, шығаратын есебің
Бүгініңді ұялтар еске түссе кешегің
Түк жауап жоқ кешегі түнде жазған хатыңнан
Білмегендей ол да үнсіз өте шығар қасыңнан

Кешпегендер басынан сенбе мейлі сен мейлі,
Ең алғашқы махаббат бірін бірі көрмейді.
Айта алмас ем ерте деп, айта алмаймын кеш деп мен,
Ең алғашқы махаббат басталады мектептен.

Бәйшешектей бүр жарып, бұзып жарып сең тоңды,
Ең алғашқы махаббат болу керек ең соңғы.
Болар бәлкім қамалы, болар бәлкім қақпасы,
Ең алғашқы махаббат — махаббаттың патшасы.
***
Ең алғашқы махаббат махаббаттың бастауы
Ең алғашқы махаббат махаббатың патшасы…

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Мектептегі махаббат" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен