ГлавнаяИсполнителиҚыдырәлі Болманов, Қарақат ӘбілдинаБағым сен
название:

Бағым сен


автор:

Қыдырәлі Болманов, Қарақат Әбілдина


рейтинг: ★★★★★ / 5.3 / 1343 просмотра
1. Сен, баға жетпес бағым
    Сен, шуақ шашқан таңым 
    Сен, жарқыраған жарқыным менің

    Сен, үлбіреген гүлім
    Сен, күлімдеген күнім
    Сен, аялайтын алтыным менің

қ-сы

                       Аспан мен жер екеумізге
Жаралғандай қарашы неткен әдемі
                       Мәңгілікке мәңгі бірге
 Қос аққудай жүзейік біз айдын көлде

2. Сен, әуелеген әнім 
    Сен, жақсы көрген жаным
    Сен, ақ жүректі адалым менің

    Сен, айдай әсем ару
    Сен, жүрегіме дәру
    Сен, еркелеген маралым менің

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Бағым сен" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен