ГлавнаяИсполнителиГалымжан. МАлыстама
название:

Алыстама


автор:

Галымжан. М


рейтинг: ★★★★★ / 5.4 / 1408 просмотров
Сенін мөлдір көздерін
Еркелеп бір күлгенін
Жаным-ау қуат берер 
Сүйем деген сөздерін

Сенсіз мынау өмірде
Жалғыздыққа төзем бе
Тұманданар сырланар
Мұңға толар көңілде

Сенсіз қараңғы күннің
Ызғарлы салқын түнін
Сусыз қалар айдынын
Сенсіз жаным

Сезім суып суықтанар
Жасқа толар жас жанар
Бар қызығы өмірдің
Арман болып құр қалар ай ай

Қателестік арастық
Неге сонша санастық
Қызғаныштың тарылып
Түсініспей таластық

Сенсің менің барымда
Бақытымда бағымда
Алыстама жанымнан
Маған қымбат сен ғана
Сенсіз қараңғы күннің
Ызғарлы салқын түнін
Сусыз қалар айдынын
Сенсіз жаным

Сезім суып суықтанар
Жасқа толар жас жанар
Бар қызығы өмірдің
Арман болып құр қалар ай ай

Алыстама, Жаным-ау менің алыстама (4 рет)

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Алыстама" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен