ГлавнаяИсполнителиЕрлан ТағманҚара шашың иығыңа төгілген...
название:

Қара шашың иығыңа төгілген...


автор:

Ерлан Тағман


рейтинг: ★★★★★ / 5.2 / 1243 просмотра
Қара шашың иығыңа төгілген,
Қара көзің не жылаған, не күлген.
Толғап өтті менің тұла бойымды
Бала кезден саған ғашық едім мен.
Толғап өтті менің тұла бойымды
Бала кезден саған ғашық едім мен.

Ұғу қиын адам жанын білемін мен,
Не оқисың қабағыңнын түнерген.
Білгің келсе қара менің көзіме
Мен жайында сұрамашы біреуден.
Білгің келсе қара менің көзіме
Мен жайында сұрамашы біреуден.

Жүрегімде жоқ алданыш, бөтен ой,
Алдай алсам сені де алдап кетем ғой,
Тағдырда да мойындаған секілді
Махаббатта да мойындайды екен ғой.
Тағдырда да мойындаған секілді
Махаббатта да мойындайды екен ғой.

Күн сыйлар едім, күнге жетер жол қайда?
Гүл сыйлар едім, күзде гүлдер солмай ма?
Дәл өзіңдей аяулы жан аруға 
Гитарамен ән сыйласам болмай ма?
Дәл өзіңдей аяулы жан аруға 
Гитарамен ән сыйласам болмай ма?

"Бар ма өзі бұл өмірде махаббат?"
Деп сұрадым көп адамнан қайталап.
"Жоқ" дегенде бұл өмірде махаббат
Жүрегіме қанжар болып қадалат.
"Жоқ" дегенде бұл өмірде махаббат
Жүрегіме қанжар болып қадалат.
"Жоқ" дегенде бұл өмірде махаббат
Жүрегіме қанжар болып қадалат.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Қара шашың иығыңа төгілген..." ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен