ГлавнаяИсполнителиГадилбек ЖанайСен мені сагындын ба???
название:

Сен мені сагындын ба???


автор:

Гадилбек Жанай


рейтинг: ★★★★★ / 5.2 / 1157 просмотров
Күндер қайда кешегі өткен, 
Нұрға бөлеп таңымды. 
Жаным неге, не себептен, 
Тағдыр жолы тарылды? 
Келсе-дағы неше көктем, 
Гүлге орамас бағымды. 
Мұңға айналған осы елеспен, 
Жұбатамын жанымды.

Қайырмасы: 
Өзге жанның қолындағы 
Мен ұнатқан гүлсің бе? 
Мөлдір мұңды жаныңдағы 
Мендей ұғып білсін бе? 
Сол сезімді, сол әнімді 
Есте сақтап жүрсің бе? 
Өткінші өмір оның бәрі 
Күрсінбе сен, күрсінбе.

Сен де мені сағындың ба 
Шыныңды айтшы шырайлым? 
Тағдырыңа бағындың ба 
Бақытты боп мұңайдың. 
Сені аңсаудан арылдым ба 
мені қойшы, шыдаймын. 
Бөленсе деп жаның нұрға 
Бақытыңды сұраймын.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Сен мені сагындын ба???" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен