ГлавнаяИсполнителиЗангар ЕрланулыСен жалынсын.... Есенқұл Жакыпбеков...
название:

Сен жалынсын.... Есенқұл Жакыпбеков...


автор:

Зангар Ерланулы


рейтинг: ★★★★★ / 5.3 / 1344 просмотра
Сен жалынсың, жалында күнә бар ма?
.
Бір қарауға шыдармын шыдағанға.

Жарқыныңды, жалынды сүймек тұрмақ,

Жақындауға қиын ғой тірі адамға.

Сен жалынсың, жалында күнә бар ма?

Қарттық та бір келеді тірі адамға.

Жаутаң-жаутаң қарарсың сен де маған,

Жастығыңның жалауы құлағанда.

 

Домалайды-ай дүние доптай болып.

Еш бір теңің, сен жүрсің, жоқтай болып.

Түңілдірмей көрінші көзіме ылғи,

Түнгі тауда көрінген оттай болып.

 
                 
Жолатпайсың қасыңа оттай болып.

Көзқарасың түседі шоқтай қарып.

Бірте-бірте кетерсің бір еркектің,

Ошағына жанатын отқа айналып.

 

Сен жалынсың, жалында күнә бар ма?

Қарттық та бір келеді тірі адамға.

Жаутаң-жаутаң қарарсың сен де маған,

Жастығыңның жалауы құлағанда.

 

Домалайды-ай дүние доптай болып.

Еш бір теңің, сен жүрсің, жоқтай болып.

Түңілдірмей көрінші көзіме ылғи,

Түнгі тауда көрінген оттай болып.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Сен жалынсын.... Есенқұл Жакыпбеков..." ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен