ГлавнаяИсполнители♥̉Макпал Жунусова-Сенбек Жумагалиев♥̉Ғашыктар жыры♥̉
название:

Ғашыктар жыры♥̉


автор:

♥̉Макпал Жунусова-Сенбек Жумагалиев♥̉


рейтинг: ★★★★★ / 4.9 / 878 просмотров
Қасың қандай, қарақат көзің қандай,
Күлкің қандай, шарапат сезім қандай!
Қуанатын балаша кезің қандай,
Өзің қандай, жаныма сөзің балдай.

Көңілге жыр тұнады сен дегенде,
Жүрекке сыр тұнады сен дегенде.
Кеудеме бір ғажайып шаттық орнап,
Өмір де құлпырады сен дегенде.

Таңың қандай, жұлдызды бағың қандай,
Арың қандай, жібектей жаның қандай.
Өзің қандай, шуаққа малынғандай,
Сезім қандай, тәңір де табынғандай!

Көңілге жыр тұнады сен дегенде,
Жүрекке сыр тұнады сен дегенде.
Кеудеме бір ғажайып шаттық орнап,
Өмір де құлпырады сен дегенде.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Ғашыктар жыры♥̉" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен