ГлавнаяИсполнителиКурмаш МахановӨзім жайлы
название:

Өзім жайлы


автор:

Курмаш Маханов


рейтинг: ★★★★★ / 4.8 / 840 просмотров
Өзім жайлы айтар болсам, бір өлеңге сыйя ма?
Мен ағашпын жайқалған, сан тамыр жайған қияға.
Тамырым бар тасты жарған - ол иманым сірә да,
Бауырларым бекер сынама.
Мен жайқалған бір ағашпын, күнге тосқан алақан,
Құстар маған ұя салып, ұшырса екен балапан.
Жапырағым сая болса жолаушыға шап шағын,
Осы арманым менің аңсаған!

Күнә тапсаң көңілім мен тілімнен,
Кешірім мен сабыр берші, О, Алла!
Бір өзіңе құлшылық қып иілем,
Махаббат пен мейір берші, О, Алла!

Мен жайқалған бір ағашпын, ұзын қысқа бұтағым,
Бұтағымды отқа жақсаң, одан да бар ұтарым.
Айналама тисе пайдам, мақсатыма жеткенім,
осыны ойлап қайта гүлдедім.

Күнә тапсаң көңілім мен тілімнен,
Кешірім мен сабыр берші, О, Алла!
Бір өзіңе құлшылық қып иілем,
Махаббат пен мейір берші, О, Алла!

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Өзім жайлы" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен