ГлавнаяИсполнителиГалымжан ИзбасаровӨзің, сәулем, іздегенім
название:

Өзің, сәулем, іздегенім


автор:

Галымжан Избасаров


рейтинг: ★★★★★ / 4.7 / 733 просмотра
Өзің, сәулем, іздегенім
Шолпандай жарқыраған таң алдында
Жан еркем саған теңеу таба алдым ба
Ажарың алтын айдың таң шапағы
Құрбым-ау күн көзінен жаралдың ба?

Өзің, сәулем, іздегенім
Кездесуге жүз келемін
Сөйлесуге тіл жетпейді
Қиын екен қыз дегенің

Қараудан ақ жүзіңе зерікпедім
Апыр-ау өзің неткен көрікті едің
Достар-ау айтыңдаршы шындарыңды
Өмірде осындай қыз көріп пе едің?

Өзің, сәулем, іздегенім
Кездесуге жүз келемін
Сөйлесуге тіл жетпейді
Қиын екен қыз дегенің

Өзіңе осы әнімді арнадым да
Алдыңа талай рет бармадым ба?
Жас жаным күтеді әлі үміт таңын
Қолымды жеткіз сәулем арманыма

Өзің, сәулем, іздегенім
Кездесуге жүз келемін
Сөйлесуге тіл жетпейді
Қиын екен қыз дегенің

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Өзің, сәулем, іздегенім" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен