ГлавнаяИсполнителиБек ОралбековМахаббат - мәңгі жыр
название:

Махаббат - мәңгі жыр


автор:

Бек Оралбеков


рейтинг: ★★★★★ / 5.3 / 1317 просмотров
Махаббат – мәңгі жыр

әні: Бек Оралбеков
өлеңі: Абдрахман Асылбек

1.
Махаббат деген сыйластық,
Келмесе – сағыну.
Махаббат деген қимастық,
Көрмесе – қамығу.
Бірімізді біріміз
Ұнаттық күннен алғашқы.
Күміс күлкі үніміз
Махаббат жырымен жалғасты.

Қайырмасы:
Күнім дедім,
Сәулесін сепкен мейірлі.
Күлімдедің,
Аударып таза пейілді.
Жұлдыз болып,
Жарқырап тұрдың аспанда.
Үнсіз төніп,
Шапағат құйдың жас жанға.

2.
Болады кейде кезіміз
Келіспей қалатын.
Жұректі қинап өзіміз,
Азапқа салатын.
Мұндай сәтте әдетте,
Сағына жұріп, сағына,
Келіп қайта әдепке,
Беттедік бақыттың бағына.

Bridge:
Махаббат – мәңгі жыр,
Жүректі тербейді
Махаббат – мәңгі нұр,
Ешқашан сөнбейді.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Махаббат - мәңгі жыр" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен