ГлавнаяИсполнителиСәкен Сейфуллин (Рамазан Стамғазиев)Көкшетау
название:

Көкшетау


автор:

Сәкен Сейфуллин (Рамазан Стамғазиев)


рейтинг: ★★★★★ / 4.7 / 709 просмотров
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы.
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.
Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп кетіп есен-сауын.
Сексен көл Көкшетаудың саясында,
Әрқайсы алтын кесе аясында.
Ауасы дертке дауа, жұпар иісті
Көкірек қанша жұтса, тоясың ба?
Ырғалған көкке бойлап қарағайы,
Қасында көк желекті әппақ қайың,
Жібектей желмен шарпып төңіректі,
Балқытып мас қылады иіс майы
Көкпеңбек шың басынан мұнар кетпес,
Басына атсаңдағы оғың жетпес.
Бір жұтсаң Көкшетаудың жұпарынан,
Өлгенше көкірегіңнен құмар кетпес.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Көкшетау" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен