ГлавнаяИсполнителиНеизвестенАталы ел жас-қаным
название:

Аталы ел жас-қаным


автор:

Неизвестен


рейтинг: ★★★★★ / 5 / 1041 просмотр
Аталы ел жас-қаным,

Жыр айтудан қашпадым,

Қазақ-түркi ұрпағы

Ашық сенің аспаның.

Ақиқаттың астарын,

Сөзден шуақ шашқаным,

Талай бабам "ел" десе

Тыя алмаған жастарын.

Жауынгерлер қанша мың,

Батырларың-басқа мұң,

"Алаш!" деген Абылай

Қосқан үш жүз бастарын.

Түрiк-ғылым асқарын,

Баласағұн бастадың,

Дүр-сiлкiнтiп жазған-ды

"Құтты бiлik" дастанын. 

 

Игүнеки жыр ағыз,

Қашқари да бір аңыз,

Жәнібек, Керей бишісі

Асан қайғы бір абыз!

Сан соғылып санамыз

Тарихтан жыр құрамыз,

Махамбет пен Сырымнан

Қайсарлықты ұғамыз.

Исатайдай мына біз,

Қайдан батыр боламыз?

Ілияс, Сакен, Бейімбет

«Ел»  деп өшкен үш арыс

Құлағандай құрма жүз,

Аллаға адал құл да біз,

Ділім, дінім, тіліміз

Мына біздің мұрамыз! 

 

Қара сөзден сыр ашқан,

Абай елмен мұңдасқан,

Арыстандай бабалар

Мәңгі бітпес жыр дастан.

Жаны сүйіп қан шашқан

Әмір Темір айқасқан,

Шыққан билік шыңына

Шымыр жүрек Шыңғыс хан.

Бітім билік байласқан.

Жау жағасы жармасқан,

Бозінгендей боздадық

"Аңырақай" шайқастан.

Қаны-жасы алмасқан,

Біз ұрпақпыз із басқан,

Жұмыр қылыш болайық

-Деп жырлайды  ALDASPAN!

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Аталы ел жас-қаным" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен