ГлавнаяИсполнителиKurmawSeni izdep kunim
название:

Seni izdep kunim


автор:

Kurmaw


рейтинг: ★★★★★ / 4.7 / 673 просмотра
Сені іздеп, Күнім жиекке жығылады
Қызыл да жасыл дүние құбылады
Жанарыма кеп түйір жас тығылады
Сезімім тамшы әйнекке ұрылады
Сынар аққудың сыңсиды сынық әні
Сол әнді, жаным, өзіңдей кім ұғады

Қ-сы:
Сағындырған күнім,
Сені ойладым бүгін,
Қайрылмастан рас па кеткенің.
Сағындырған күнім,
Сені ойладым бүгін,
Сағым болған менің көктемім.

Алмасып күнмен көгімде Ай қалады
Терезесінен көңілдің Ай қарады
Тарыдай ғана жұмыр жер айналады
Мен емес сені қара түн аймалайды
Жарық күнімен жылытқан бар ғаламды
Жүр екенсің-ау мекендеп қай қаланы

Қ-сы
Хоу-оу-оу

(Модуляция)
Сағындырған күнім менің,
Қайрылмастан рас па кеткенің
Сағындырған
Хоу-оу-оу
Сағым болған менің көктемім
Оу
Сені ойладым бүгін,
Қайрылмастан рас па кеткенің.
Сағындырған күнім,
Сені ойладым бүгін,
Сағым болған менің көктемім.
Хоу-оу-оу

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Seni izdep kunim" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен