ГлавнаяИсполнители01Г.АлимбековаКелинге осиет
название:

Келинге осиет


автор:

01Г.Алимбекова


рейтинг: ★★★★★ / 5.1 / 1128 просмотров
Келін түсті салты ғой бұрынғының
Біздің үйге бірі енді-ай бұрымдының
Ақ ниетпен аттаған босағасы 
Ағарып тұр әнекей шымылдығы.

Ақ бауырсақ шашу боп шашылғанда
Қызыл шырайлы жүзіңді жасырғанда
Қандай ғана сезімде болдың екен,
Ақ шымылдық алдыңнан ашылғанда.

Жайнап жүрсен қып-қызыл кілемдейсің
Масатыдай құлпырып күлімдейсің
Қарияға салем бер көңлі қалар,
Қариялар кашанғы жүрер дейсің.

Алдыменен өзіңді енең сынар 
Емендей боп ол сынға емен шыдар 
Жас келінге қаттырақ қарағаны,
Ширатып бір алайын деген шығар

Ерке өскен еліңнің елігі едің
Келін бол деп жіберді-ау сені елің
Енең байғұс толқып жүр қайтсын енді,
Сен оның ең алғашқы келіні едің.

Атасын да осы елдің анасын да
Сыйлай білгін ажыратып жатасын ба
Қолдан келсе үлкеннен бата алайық
Ықыласы үлкеннің батасында.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Келинге осиет" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен