ГлавнаяИсполнителиТоктар СерикАй-хай, 25
название:

Ай-хай, 25


автор:

Токтар Серик


рейтинг: ★★★★★ / 4.9 / 882 просмотра
Сөзі: Толымбек Әлімбеков

Әні: Алтынбек Қоразбаев

Өзегінде қан ойнап қызып тұрған,

Қартыңды да қырау бас қызықтырған,

Алаулаған жиырма бес.

Көз қарытқан ойнақы жүзік сырдан,

Сыбағасын сездірмей үзіп тынған,

Жалаулаған жиырма бес.

Қайырмасы:

Түн ұйқысын төрт бөлетін,

Жанып, кейде өртенетін, ой-пәллі-ай,

Сағындырған жиырма бес.

От болатын, шоқ болатын, ой-пәллі-ай,

Сағым қуған жиырма бес.

Елең қылмас қақаған мұз-жауынды,

Серілікпен өткізген түз дәуірді.

Бұлқын атқан жиырма бес.

Серік етіп желпінген қызды ауылды,

Сылқым атқан жиырма бес.

Өзің едің жиырма бес аңсағаным,

Аңсағанда шырқатып ән саламын,

Ән саламын, жиырма бес, тамсанамын,

Тамсандым деп баршаға жар саламын,

Сағым қуған жиырма бес.

Қайырмасы:

Күнде ойын, күнде думан,

Сұлу іздеп, арман қуған, ой-пәллі-ай,

Сылқым-сері жиырма бес.

От болатын, шоқ болатын,

Бар болатын, жоқ болатын, ой-пәллі-ай,

Жын да, пері жиырма бес.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Ай-хай, 25" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен