ГлавнаяИсполнителиAnti (Rap-ak Otbasy)Махаббат тарихы [Ft. Winner]
название:

Махаббат тарихы [Ft. Winner]


автор:

Anti (Rap-ak Otbasy)


рейтинг: ★★★★★ / 5 / 1046 просмотров
Anti:
Бұл біздің тарихымыз нүкте қойылған жері
Арада махаббаттың соңғы күрсінген демі
Және таңбасы кері қойылды арамызда
Әрқайсымызда біздің мақсат пен шарамыз бар
Қаламызда көп қой басқа да жандар 
Бірақ неге сені таңдадым өкінгенім бар
Түкіргенің ба? Арадағы сезімге
“Жаным мен сенікімін” – деген жалған сөзіне
Жауап бере алмадын, есіне де алмадын
Ауру болып қалғанмын, сен болдын ғой талғамым
Келмейді маған қарағын, алыстап мен барамын
Қашықтық та арамыз тек алыстап барады
Бұл жүрегім жаралы бұрышы бар қараңғы
Сенің бейнең ғой сонда сақталып қалады
Бір ағаштың дарағы, алыс жақ жапандағы
Жаным сенсіз солады, жерге қайтып оралып
Маған сезім жоғалып қалды ғой мәңгілікке
Жалғыздықтың белгісі – оқ тиді жүрегіме
Ғашықтық сезімімі қойдын ғой үлкен нүкте
Жын ойнаттын сен менің енді ешқашан күтпе
Сүймесен басында сен маған “жоқ” демедін бе?
Қиналдырдың өмірден мәңгілік көнбедің ше
Тарихымда бір тарау тек сен үшін арналған
Қиын зардап шексем де, шығамын бұл қамалдан

Winner:
Махаббат тарихы
Ғашықтарды қосады
Махаббат тарихы
Жүректі ауыртады
Махаббат тарихы
Көзге жасты әкеледі 
Махаббат тарихы
Сезімді оятады

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Махаббат тарихы [Ft. Winner]" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен