ГлавнаяИсполнителиАкылбек Жеменей & Ринат ЗайтовСонгы хат
название:

Сонгы хат


автор:

Акылбек Жеменей & Ринат Зайтов


рейтинг: ★★★★★ / 4.9 / 874 просмотра
сені сағынудан шаршадым
бұдан былай хат жазбаймын
уәде беремін
мынау менің соңғы хатым

салем, қалың қалай
бәрі аман ба
дұрыс болды-ау деймін саған да маған да
жақсы ма жаман ба
сөз осымен тәмамда
махаббат бірде баянды, бірде баянсыз
бірде аяулы, бірде аяусыз
сен де мен де жай әншейін пенде
сен мейли сенбе 
артық па кем бе
екеуміз жайлы өсек те көп елде
біреулер мен сүйе алмады дейді
біреулер сені алдады дейді
сен мені ойыңа алмасаң да
басқа жанды таңдасаң да
қасымда қалмасаң да 
мендік болмасаң да 
мен сені сағынамын анда-санда

қ-сы
құлатып алдым еңсемді
сенсіз жаным қиын екен 
кешіре алмаймын мен сені
бірақ мәңгі сүйіп өтем

әрине солай
маған қиын саған оңай 
жолыңа қарай қарай
өткіздім күнді талай
сағаттарды санай санай
жаралы қасқырдай 
жарамды жалай
көзім жетті
бәрі өтті-кетті
енді сен маған өгейсің
басқа не дейсің
бұрыңғыдай сағынып,еркелеп
келесің бе демейсің
себебі басқа адамды бақытқа бөлейсің
бәрекелді!
шаттығым, шырайлым
құдай қаласа мен де біреуге ұнаймын
артық кетсем кешірім сұраймын

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Сонгы хат" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен