ГлавнаяИсполнителиMelo'Men тобыМұңайған ару
название:

Мұңайған ару


автор:

Melo'Men тобы


рейтинг: ★★★★★ / 5.3 / 1279 просмотров
Неге жылайды ару

1. Мейрамхана, ән салып әнші,
Туылған күн тойлап жатырмыз.
Жанары мұңлы, қарама-қарсы
Жабырқау жүзі, жалғыз отыр қыз.
Тағдырға көнген болар бағынып,
Жарықпен жалт-жұлт етіп шағылып.
Құлап барады, күрсінген тамшы
Бокалға алдындағы тамылып.

Қ-сы:

Неге жылайды, жылайды ару?!
Неге махаббат, махаббат бал, у?!
Түсірмеші еңсені, өкпелеткен кім сені?
У болсаң да жұтар ем, жұтар ем мен сені.

2. Мейрамхана, туылған күнді ойлап,
Достарым жүр ешбір алаңсыз
Жанымды жеумен, ұрлана қарап
Отырмын үнсіз, үнсіз амалсыз.
Таққанда талай бақыт таң соққан,
Естелік өткен алтын бал шақтан,
Екі жүректің егіз сырманы
Жүзікті шешті ару саусақтан

Өзгереді әлі бәрі, сейілер мұң жаныңдағы
Таңмен жаңарған, жаңарар арман,
Жүректен өшпейтін дақ болмаса...

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Мұңайған ару" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен